27 қыркүйек, Жексенбі

Данияр Елеусіновтің рингке қашан оралатыны белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Рио Олимпиадасының чемпионы кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін көктемде өткізеді. Бұл туралы ақпаратты қазақстандық боксшының ресми өкілі Зия Алиев жеткізді.

«Данияр рингке сәуір айында оралады», – деді боксшының өкілі.

Айта кетейік, Данияр соңғы жекпе-жегінде 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Бөлісу

.