18 ақпан, Сейсенбі

Батыр Жүкембаев: Жеңістің құны — өлшеусіз

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) мексикалық Рикардо Лараны (22-7, 10 КО) жеңгеннен соң мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

– Жеңістің құны — өлшеусіз! Өйткені әр жекпе-жектің алдында — үлкен дайындық, және спаррингтер секілді кезеңдерден өтеміз! Алланың қалауымен 18-ші кездесуімді нокаутпен аяқтадым. Бірақ бұл оңай жеңіс болған жоқ, оның артында командалық еңбек жатыр! Мені әркез қолдап дұға-тілегін жасайтын Қазақ Халқына мың алғыс!, — деп жазды боксшы Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық белбеудің иегері Батыр Жүкембаев мексикалық Рикардо Лараны техникалық нокаутпен жеңді.

Бөлісу

.