31 қазан, Сенбі

Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

— Эдди Хирннің айтуынша Геннадий Головкин мен Камил Шеремета арасындағы жекпе-жек 11 сәуір күні Қазақстанда не АҚШ-та өтуі мүмкін, — деп жазды инсайдер Майкл Бенсон өзінің Twitter-парақшасында.

Бұған дейін Головкин — Шеремата жекпе-жек  Чикагодағы Польша диаспорасы көбірек шоғырланған Wintrust Arena-да өтуі мүмкін екені туралы ақпарат шыққан болатын.

Айта кетейік, бұл Головкиннің DAZN стриминг сервисімен жасасқан келісімшарт аясында болатын үшінші жұдырықтасуы және осы жекпе-жекте ол 5 қазан күні Сергей Деревянченкодан (13-2, 10 КО) жеңіп алған IBF және IBO титулдарын бірінші рет қорғайды.

Бөлісу

.