23 ақпан, Жексенбі

Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионына: Дайын бол

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андрадені жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO тұжырымының жаңартылған рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы өз салмағында үздік бес боксшының қатарына енген болатын. Осыдан кейін қазақстандық боксшы Деметриус Андрадемен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімедеді.

– WBO рейтингінде бесіншімін. Андраде, дайын бол», — деп жазды боксшы Twitter-парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегінде 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіріп, алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу

.