27 қыркүйек, Жексенбі

Батыр Жүкембаев жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихатын өткізді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) алдағы жекпе-жегінің алдында баспасөз мәслихатын өткізді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегінде аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен жұдырықтасу керек болған. Алайда аргентиналық боксшының виза ала алмағанына байланысты отандасымыздың қарсыласы ауысты. Нәтижесінде Жүкембаев 27 жастағы мексикалық Рикардо Ларамен (22-7, 10 КО) жұдырықтасады. 

– Жекпе-жек алдындағы пресс-конференция сәтті өтті! Алла қаласа ертең салмақ өлшеу рәсімі! Бұл жекпе-жегіме Канадалық бокс жанкүйерлері мен БАҚ өкілдері үлкен қызығушылық білдіруде. Ал қазақстандық бокс сүйер қауым 26 қаңтарда 8:30-да Хабар арнасының тікелей эфирінен кезекті айқасымды тамашалай аласыздар, — деп жазды боксшы Instagram-парақшасында.

Бокс кеші 25 қаңтар Монреальдағы (Канада) Montreal Casino аренасында өтеді.  Астана уақытымен 26 қаңтар күні «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Басталуы: 08:30-да.

Айта кетейік, WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық белбеудің иегері Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) соңғы жекпе-жегінде «Канелоның» бұрынғы қарсыласымен болған жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін иеленген болатын. 

Бөлісу

.