23 ақпан, Жексенбі

Ерлан Серікжанов Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Тель-Авивте (Израиль) өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

66 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз финалда Олимпиаданың күміс жүлдегері Ан Баулдан (Оңтүстік Корея) екі вазари әдісімен ұтылды.

Ерлан Серікжанов іріктеу кезеңінде Ярин Менегед (Израиль), Мурад Шопанов (Ресей), Орхан Сафаровты (Әзірбайжан) қапы қалдырды. Жартылай финалда Барух Шмаиловті вазари ұпайымен ұтқан еді.

Айта кетейік, жылдың алғашқы дзюдо бәсекесіне әлемнің 83 елінен 548 спортшы қатысып жатыр. 66 келіде белдескен тағы бір балуанымыз Елдос Жұмақанов қола жүлде үшін күресте жарыс қожайыны израильдік Таль Фликерге жол берді.

Бөлісу

.