23 ақпан, Жексенбі

Ерлан Серікжанов Гран При жарысының финалына шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ерлан Серікжанов Тель-Авивте (Израиль) өтіп жатқан Гран При жарысының финалына шықты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

66 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз іріктеу кезеңінде Ярин Менегед (Израиль), Мурад Шопанов (Ресей), Орхан Сафаровты (Әзірбайжан) қапы қалдырды. Жартылай финалда Барух Шмаиловті вазари ұпайымен ұтты.

Ол енді финалда Олимпиаданың күміс жүлдегері Ан Баулмен (Оңтүстік Корея) кездеседі.

Айта кетейік, жылдың алғашқы дзюдо бәсекесіне әлемнің 83 елінен 548 спортшы қатысып жатыр. Финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Бөлісу

.