23 ақпан, Жексенбі

Елдос Жұмақанов Гран При жарысының қола жүлдесі үшін белдеседі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Елдос Жұмақанов Израильдің Тель-Авив қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран При бәсекесінің қола жүлдесі үшін белдеседі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Іріктеу кезеңінде Елдос бірінші Реда Седдоукиді (Франция), Жаслин Синх Саиниді (Үндістан) ұтқан болатын. Алайда ширек финалда Барух Шамиловтан (Израиль) айласын асыра алмады. Жарыстың жұбаныш финалында әзірбайжандық балуан Орхан Сафаровты ұтқан ол енді қола жүлде үшін күреседі.

Айта кетейік, жылдың алғашқы дзюдо бәсекесіне әлемнің 83 елінен 548 спортшы қатысып жатыр. Финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Бөлісу

.