18 ақпан, Сейсенбі

Батыр Жүкембаевтың жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) алдағы жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегінде аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен жұдырықтасу керек болған. Алайда аргентиналық боксшының виза ала алмағанына байланысты отандасымыздың қарсыласы ауысты. Нәтижесінде Жүкембаев 27 жастағы мексикалық Рикардо Ларамен (22-7, 10 КО) жұдырықтасады. 

Бокс кеші 25 қаңтар Монреальдағы (Канада) Montreal Casino аренасында өтеді.  Астана уақытымен 26 қаңтар күні «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Басталуы: 08:30-да.

Айта кетейік, WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық белбеудің иегері Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) соңғы жекпе-жегінде «Канелоның» бұрынғы қарсыласымен болған жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін иеленген болатын. 

Бөлісу

.