23 ақпан, Жексенбі

Батыр Жүкембаевтың алдағы жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Үш күннен кейін шаршы алаңға көтерілгелі тұрған қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың қарсыласы аяқ астынан ауысып кеткенін жазған едік. Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) 25 қаңтар Мореальдағы Montreal Casino аренасында кезекті жекпе-жегінде аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен жұдырықтасу керек болған. Алайда аргентиналық боксшының виза ала алмағанына байланысты отандасымыздың қарсыласы ауысты. Алайда, отандасымыз «Рики» лақап атты мексикалық Рикардо Ларамен (22-7, 10KO) кездеседі.

Айта кетейік, WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық белбеудің иегері Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) соңғы жекпе-жегінде «Канелоның» бұрынғы қарсыласымен болған жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін иеленген болатын. 

Бөлісу

.