23 ақпан, Жексенбі

Серікжан Мужиков «Тобыл» клубымен келісімшартын ұзартты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковпен жаға еңбек шартын жасасты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серікжан мансабын талдықорғандық «Көксу» командасында бастаған. Жеті маусым бойы ол «Жетісудың» намысын қорғады. «Жетісу» сапында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жартылай қорғаушы – Еуропа Лигасында «Жетісу» сапында гол соққан жалғыз футболшы.

2014 жылы ол «Астанамен» келісім-шартқа қол қойды. Елордалық клубта алты жыл бойы өнер көрсетіп, астаналықтармен бірге алты рет чемпионаттың алтын медалін жеңіп, кубок пен Суперкубокта озық шықты. 2015 жылы жалға алу құқығымен «Қайсар» құрамында өнер көрсетті.

Мужиков – ұлттық құраманың ойыншысы. Серікжан 23 матчқа қатысып, бір гол соққан.

Бөлісу

.