23 ақпан, Жексенбі

Шавкат Рахмаоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің мерзімі анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Әлемдегі ең беделді тұжырым UFC-мен келісімшартқа отырған бірінші қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың ұйымдағы алғашқы жекпе-жегінің мерзімі анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

М-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы Шавкат Рахмонов (12-0) UFC-мен тамыз айында келісімшартқа отырған еді. Шавкаттың әлемдегі ең беделді тұжырымдағы алғашқы жекпе-жегі 21-наурыз күні Лондон қаласында өтетін UFC Fight Nights 171 турнирінде өтеді деп жоспарлануда. Әзірге қарсылас белгісіз. Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде отандасымыздың салмағында (77 келі) жұдырықтасатын Тайрон Вудли мен Леон Эдвардс сынға түседі. 

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов  M-1 Challenge 101 турнирінде ресейлік Данила Приказамен (11-2-1) жұдырықтасып, M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын. Ал 28 маусым күні елордада бразилиялық Тьяго Ласердаға қарсы жекпе-жекте титуыл қорғап қалды. 

Бөлісу

.