23 ақпан, Жексенбі

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингте 119-сатыдағы бельгиялық Гретье Минненге қарсы өнер көрсетті. Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен алға шықты. Екінші сетте брейк жасап, 3:1 басымдылығын сақтады. Тартысқа толы бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды.

Айта кетейік, Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен шеберлік байқасады. Ол екінші ойынында словениялық Полона Херцогты 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірген еді.

Бөлісу

.