23 ақпан, Жексенбі

Нигерия құрамасының ойыншысы «Тобылға» ауысты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Нигерия құрамасының ойыншысы Стивен Эзе қостанайлық «Тобылға» ауысты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Стивен Эзе – Нигерия ұлттық құрамасының ойыншысы. Африкалық ұлттар чемпионатының күміс жүлдегері. Ол спорттық мансабын «Лоби Старс» клубында бастаған. 2014 жылы қорғаушы «Саншайн Старс» командасына ауысты. Содан кейін ол «Ифеани Уба» және «Кано Пиларз» сапында ойнаған.

Айта кетейік, Эзе өткен маусымда Еуропаға қоныс аударып, Пловдивте (Болгария) жасақталған «Локомотив» командасымен келісім-шартқа қол қойған. Ол 50-ден аса ойынға қатысып, Болгария кбуогын жеңіп алған.

Бөлісу

.