27 қыркүйек, Жексенбі

Қанат Ислам WBО рейтингінде жоғарылады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) WBО рейтингіндегі көрсеткіші жақсарды,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) барлық салмақ дәрежесі бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасында WBO International титулының иегері Қанат Ислам 5-орыннан 4-орынға көтерілді.

Орта салмақта үздік үштікте мексикалық Хайме Мунгия, британдық Лиам Уильямс пен ирландиялық боксшы Люк Килер тұр.

Айта кетейік,  Қанат Ислам  26 қазан күні Алматы қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Бөлісу

.