18 ақпан, Сейсенбі

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Талдықорғанда бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Республикалық біріншілікке Қазақстанның 17 аймағынан 224 спортшы қатысты. Финалда 12 команданың өкілдері бақ сынады. Нақтылап айтар болсақ, Жамбыл облысынан 5, Алматы облысынан 4, Түркістан облысы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан үш, Қарағанды, Алматы, Шымкент, Ақмола облысы мен Шығыс Қазақстаннан екі спортшы финалда өнер көрсетті. Қызылорда, Маңғыстау облысы және Ақтөбеден ақтық сында бір боксшыдан сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы 4, Түркістан облысы 2 алтын иеленді.

Бөлісу

.