28 қаңтар, Сейсенбі

Бақдос Олжабай NFC 22 турнирінде өнер көрсетеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Бақдос Олжабай (4-1) NFC 22 турнирінде жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

23 жастағы Бақдос 31 қаңтарда Ақтауда өтетін NFC-22 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы 21 жастағы қырғызстандық Алжигит Еркебайулы. Бұл жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде (66 келі) өтеді.

Айта кетейік, қырғызстандық спортшы — джиу-джитсудан және валетудодан спорт шебері. Ал Бақдос Олжабай — ММА -дан спорт шебері. Жартылай жеңіл салмақта Bushido Qazaqstan Гран-приінің финалисі, грэпплинг пен еркін күрестен қала чемпионы.

Бөлісу

.