12 тамыз, Сәрсенбі

Владимир Маминов «Ақтөбенің» бас бапкері болып тағайындалды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Белгілі ресейлік маман Владимир Маминов «Ақтөбе» ФК бас бапкері болып тағайындалды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы команданың Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобына сілтеме жасап.

45 жастағы маман жақында командамен бірге Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанбақ. Бас жаттықтырушының ресми таныстырылымы алғашқы оқу-жаттығу жиынынан кейін өтеді.

«Ақтөбе» өткен маусымда Қазақстан премьер-лигасынының жарыс жолынан шыққан еді. Келісімшарт туралы нақты ақпарат әзірге жоқ.

Айта кетейік, Владимир Маминов 1992-2008 жылдар аралығында «Локомотив» сапында ойнады. Спорттық мансабын аяқтаған соң, 2009-2011 жылдары клубтың бапкерлік штабында қызмет атқарды. Сондай-ақ Маминов біраз уақыт мәскеулік клубтың бас бапкерінің уақытша міндетін атқарушысы болды. Кейінірек «Рубин» , «Химки» , «Солярис», «Тюмень»  клубтарын жаттықтырды.

Бөлісу

.