12 тамыз, Сәрсенбі

Қазақстандық боксшылар IBF рейтингінде жоғарылады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшылар IBO рейтингінде жоғарылады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Геннадий Головкин әлем чемпионы болған орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов 9-орыннан 8-орынға көтерілсе, Жәнібек Әлімханұлы екі сатыға көтеріліп, 12-орынға тұрақтады. Бұл салмақта үштікте Головкиннің келесі қарсыласы поляк Камил Шеремета тұр.

Жартылай орта салмақта BF Pan Pacific титулының иегері Нұрсұлтан Жаңабаев сегізінші орынын сақтап қалды. Бұл салмақта бірінші орында өзбек боксшысы Кудратилло Абдукахоров тұрса, екінші орын әзірге бос. Ал үштікті ресейлік Сергей Липинец қорытындылады.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) мұның алдында 11-орында тұрған еді. Қазір ол 8-орынға көтерілді. Бұл салмақта үздік үштікке Апинун Кхонгсонг (Таиланд), Субриэль Матиас (Пуэрто-Рико) және Лиам Паро (Австралия) жайғасты.

Бөлісу

.