24 қыркүйек, Бейсенбі

Айдос Ербосынұлы – WBA тұжырымы бойынша үздіктер қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Кәсіпқой бокста екінші орта салмақта, яғни 76,2 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік боксшыларының көшінде екінші орынға жайғасты.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) 31 желтоқсан күні барлық салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингті жаңартты. Қазақстандық боксшылар арасынан ең үздік нәтижені 13 жекпе-жек өткізіп, жеңіліп көрмеген Айдос Ербосынұлы көрсетті. Ол екінші орта салмақтағы боксшылар арасында екінші орында.

Айдос соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 21 желтоқсанында Ресейде венесуэлалық Омар Гарсияға қарсы өткізіп, сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша WBA International, WBO Global және WBC Asia титулдарын қорғап қалды.

Бөлісу

.