24 қыркүйек, Бейсенбі

Жылдың ең үздік жекпе-жегі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Головкиннің жекпе-жегі 2019 жылдың үздік жекпе-жегі деп танылды

BoxingScene сайты Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізген жекпе-жегін 2019 жылдың үздік жекпе-жегі деп таңдады. Ол бокс кеші 2019 жылдың 5 қазанында Нью- Йорктағы Madison Square Garden кешенінде өтті. Екеуі IBF және IBO тұжырымдарының орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін сарапқа салған болатын. Головкин үшін «оңай шағылатын жаңғақ» деп саналған Деревянченко қарсыласының соққыларына қарымта соққыларымен жауап беріп, қабағының жарылғанына қарамастан соңына дейін айқасты. Фаворит саналған GGG үшін оңай болмады. Дегенмен, 12 раундқа созылған жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсіп, екі чемпиондық белбеудің иегері атанды.

Генаның жеңісіне күмәнданғандар да табылып жатты. Олар бұл жекпе-жекті Головкиннің карьерасындағы ең қиын жекпе-жек деп бағалады, Гена дайындықсыз келген деп сынады. Отандасымыз үшін қиын болғанымен, соңғы сәттеріне дейін тартысты айқас болғаны анық. Сол себептен де жылдың үздік жекпе-жегі деп танылды.

Бөлісу

.