Соңғы жаңалықтар

Неймар ресми түрде «ПСЖ» клубына ауысты

Неймар «ПСЖ» клубынан аптасына 575 мың евро, жылына 30 миллион жалақы алып отырады.

Бразилиялық шабуылшы ресми түрде «Пари Сен-Жермен» клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы париждік клубтың ресми сайты хабарлайды. 

Неймар париждік клубпен бес жылдық келісімшарт жасапты. Жаңа клубының сапында ол оныншы нөмірмен өнер көрсететін болады. 

Бұған дейін 25 жастағы шабуылшы «ПСЖ» клубының иегері Qatar Sports Investments компаниясынан 300 мың евро алып, кеше «Барселонадан» келісімшарт 222 миллион евроға өзі сатып алған. Осылайша, ол париждік клуб сапына еркін агент ретінде ауысып отыр. 

Шетелдік БАҚ мәліметі бойынша, Неймар «ПСЖ» клубынан аптасына таза 575 мың евро, жылына 30 миллион жалақы алып отырады. Сонымен қатар Qatar Sports Investments компаниясы арнайы келісімшарт жасап, 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатының ресми өкілі болады. Ол үшін де шабуылшы қомақты көлемде сыйақы алады. Бірақ нақты қанша екені белгісіз. 

Айта кетейік, Неймар «Барселона» сапына 2013 жылы бразилиялық «Сантос» сапынан ауысып келді. Осы уақытқа дейін ол каталониялық клуб сапында 123 кездесуге қатысып, 68 гол соқты. Сонымен қатар ол «Барселонамен» бірге екі рет Испания біріншілігін, үш рет Испания кубогын, Чемпиондар лигасын, УЕФА суперкубогын, Испания суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Пікір жазу

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар