12 тамыз, Сәрсенбі

Дзюдодан ​2020 жылғы Қазақстан чемпионаттарының күнтізбесі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дзюдодан 2020 жылы өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаттарының өтетін мерзімдері белгіленді. Биыл күнтізбе бойынша барлығы 6 ел біріншілігі өтеді.

-2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 6-11 ақпан күндерің Қостанай қаласында;

-2000-2002 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты 4-9 наурыз күндері Тараз қаласында;

-23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (өтпелі) арасындағы Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты 27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында;

-2004-2005 жылдары туған спорт-интернат оқушылары арасындағы Қазақстан Чемпионаты 1-6 мамыр күндері Орал қаласында;

-2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты 17-20 маусым күндері Түркістан облысы, Шардара қаласында;

-Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты 3-8 қараша күндері Атырау қаласында өтеді.

Бөлісу

.