28 қаңтар, Сейсенбі

Қазақстандық студенттер Садриддин Ахмедов атындағы грантқа ие болады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов қазақстандық екі студентке грант бөлді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов Атырау мұнай және газ университетінің екі студентіне өз қаражаты есебінен екі грант бөлді.

«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіне бағы жанған студентке екі грант бұйырғалы тұр. Барлық университетке болашақта спортшылардың атынан грант бұйыра берсін», — деп жазды спортшы Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегінде аргентиналық Хосе Антонио Вильяболоспен қолғап түйістіріп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Бөлісу

.