12 тамыз, Сәрсенбі

Батыр Жүкембаев аргентиналық боксшымен жұдырықтасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегінде аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен жұдырықтасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) 25 қаңтар Мореальдағы Montreal Casino аренасында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Қазақ боксшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғайды. Бұл жекпе-жекке билеттердіәң бәрі сатылып кеткен екен. Отандасымыз аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық белбеудің иегері Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) соңғы жекпе-жегінде «Канелоның» бұрынғы қарсыласымен болған жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін иеленген болатын. 

Бөлісу

.