12 тамыз, Сәрсенбі

Эрнесто Вальверде «Барселонаның» бас бапкері қызметінен босатылды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Барселона» футбол клбуы бас бапкер Эрнесто Вальвердемен келісімшарттың мерзімінен бұрын тоқтатты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

2017 жылдың мамырынан бастап «Барселона» тізгінін ұстаған Вальверде клубпен қош айтысты. 2019 жылы келісімшарт мерзімін тағы бір жыл ұзартқан клуб басшылары команданың соңғы уақыттағы ойын мәнері ұнамаған көрінеді. Әсіресе Испания Суперкубогында «Атлетикодан» жеңіліп қалуы (2:3), Вальверденің қызметінен қуылуына тікелей әсер етті.

Айта кетейік, Вальверде «Барселонамен» 108 кездесуде жеңіске жетіп, 35 рет тең түскен және 20 рет жеңілген. Ол жетекшілік еткен тұста «Барселона» Испания чемпионатын (2017/18, 18/19), Испания Кубогын (2017/18) және Суперкубокты (2018) жеңіп алды.

Каталониялық клуб сонымен қатар жаңа бапкердің де есімін атады. «Барселона» бас бапкері қызметіне енді тағы бір испаниялық маман Кике Сетьен кіріседі. Бұл бапкермен келісімшарт 2022 жылдың жазына дейін жасалды. 61 жастағы маман бұған дейін «Бетис» командасын жаттықтырған болатын.

Бөлісу

.