28 қаңтар, Сейсенбі

Асылжан Бақытжанұлы ресейлік спортшымен жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Асылжан Бақытжанұлының Алматыда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«САҚ» лақап атымен белгілі спортшы жекпе-жегін 6 наурыз күні Алматы қаласындағы АСА 105 турнирінде өткізеді. Қарсыласы ресейлік Насрудин Насрудинов болуы мүмкін. Ресейлік спортшы жартылай ауыр салмақтың рейтингісінде 4-ші орында тұрса, Асылжан Бақытжанұлы 7-ші сатыға жайғасқан.

Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы соңғы жекпе-жегін АСА 100 турнирі аясында өткізіп, ресейлік Алексей Стоянды (6-5) нокаутпен жеңді.

Бөлісу

.