28 қаңтар, Сейсенбі

Дамир Исмағұлов: UFC тұжырымы Қазақстанда турнир өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ресейдегі этникалық қазақ, Arlan MMA Pro Team командасының өкілі UFC спортшысы Дамир Исмагулов елімізде тұңғыш рет UFC тұжырымының турнирі өтуі мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

UFC спортшысы Дамир Исмағұлов  «Наш боец» Youtube-арнасына берген сұхбатында Нұр-Сұлтанда үлкен UFC турнирі өтуі мүмкін екенін айтты. 

– Нұр-Сұлтанда UFC Fight Night сериясындағы турнир өтеді деген қауесет бар. Мен бұл туралы естідім, бірақ ешқандай нақтылық жоқ. Бұл керемет болар еді. Бір аптадан кейін мен UFC шақыруы бойынша Нұр-Сұлтанға барамын. Мүмкін, Конор Макгрегордың жекпе-жегінде комментатор болатын шығармын. Біз Қазақстанда MMA қалай тез дамып жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан астанасында үлкен турнир өтеді деп үміттенеміз», – деді спортшы. 

Айта кетейік,  M-1 Global ұйымының жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Дамир Исмағұлов соңғы жекпе-жегін 31 тамыз күні Қытайдың Шеньжень қаласында өткен UFC Fight Night 157 турнирінде өткізіп, бразилиялық спортшы Тиаго Мойзесті (12-3) жеңді.

Бөлісу

.