12 тамыз, Сәрсенбі

Арман Оспанов Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман «Сұңқар» Оспановтың келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

АСА (Absolute Championship Akhmat) тұжырымында өнер көрсететін Арман Оспанов кезекті жекпе-жегінде ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы жұдырықтасады. АСА 105 турнирі наурыз айының 6-шы жұлдызында Алматы  қаласында өтеді.

Қос спортшы бұған дейін 2018 жылы жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда Арман Оспанов жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде Арман Оспанов ресейлік Алексей Полпудниковпен кездесіп, екінші раунда нокаутпен жеңілді.

Бөлісу

.