5 сәуір, Жексенбі

Петропавлда «Birinshi Jastar Oiyndary» финалына іріктеу кезеңі өтті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Мектеп спорт федерациясы және Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери-даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында Петропавл қаласындағы қазақ мектеп гимназиясында, №40 орта мектебінде, «Қарасай» стадионында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша «Birinshi Jastar Oiyndary» финалына іріктеу кезеңі аяқталды.

Іріктеу кезеңінің бағдарламасы бойынша 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында волейбол, жеңіл атлетика, футзал, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Жарысқа барлығы облыс қалалары мен аудандарының 58 командасы қатысты, жалпы саны 500-ден астам қатысушы.
Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлері жалпы командалық біріншілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
— футзалдан (ұлдар):
1 орын – Мамлют ауданының Мамлют қазақ мектеп-интернаты;
2 орын –Петропавл қ. № 9 орта мектебі;
3 орын – Мамлют ауданының Бексейіт орта мектебі;
3 орын – М. Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы мектеп-лицей.
— волейболдан (қыздар):
1 орын – М. Жұмабаев ауданының Возвышенка орта мектебі;
2 орын – Қызылжар ауданының №2 Бескөл орта мектебі;
3 орын — Шал ақын ауданының Е.А. Бөкетов атындағы №2 мектеп-гимназиясы;
3 орын – Петропавл қ. Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектебі.
Cпорт түрлері бойынша жеке біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

-әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша (ұлдар):
14-15 жас:
1 орын – Еркінұлы Жігер, Петропавл қаласы қазақ мектеп гимназиясы;
2 орын – Дмитриев Раис, Петропавл қаласы №7 орта мектебі;
3 орын – Ворона Николай, Шал ақын ауданының Приишим орта мектебі;
3 орын – Попов Никита, Петропавл қ. №14 орта мектебі.
16-17 жас:
1 орын – Распаев Әсет, Мамлют қаласының интернаты;
2 орын – Қизатов Мұхаммед, Петропавл қаласы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі;
3 орын – Дулатов Шыңғыс, Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернат.
3 орын – Айбекұлы Рахат, Шал ақын ауданының Приишим орта мектебі.

— тоғызқұмалақ бойынша (ұлдар):
1 орын – Хамитов Есімғали, Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернат;
2 орын – Айбек Айсұлтан, Тимирязев ауданының Тимирязев мектеп- интернаты;
3 орын – Байнбетов Мадияр, Петропавл қаласы №25 орта мектебі;
3 орын – Құрмашев Нұрлыбек, Қызылжар ауданының Бәйтерек орта мектебі;
— тоғызқұмалақ бойынша (қыздар):
1 орын – Ғайсина Аружан, Шал ақын ауданының Жанажол орта мектебі;
2 орын – Сүлейменова Дамира, Шал ақын ауданының Е.А. Бөкетов атындағы №2 мектеп-гимназиясы;
3 орын – Кенжеболатова Мерей, Шал ақын ауданының Приишим орта мектебі;
3 орын – Сарантай Мериим, Қызылжар ауданының Бәйтерек орта мектебі.

— жеңіл атлетика бойынша:
— бір орыннан ұзындыққа секіру (ұлдар):
1 орын – Өміржанов Арсен, Петропавл қаласы №10 орта мектебі;
2 орын – Ғалымжанов Әділ, Петропавл қаласы қазақ мектеп гимназиясы;
3 орын – Эдлин Денис, Петропавл қаласы «Дарын» лицей-мектебі;
3 орын – Сағандықов Әділхан, НИШ.
— 60 метрге жүгіру (қыздар):
1 орын – Кузьмина Юлия, Петропавл қаласы №10 орта мектебі;
2 орын – Столбовская Екатерина, Петропавл қаласы №7 орта мектебі;
3 орын – Фомина Анастасия, Петропавл қаласы №8 орта мектебі;
3 орын – Популова Ульяна, Петропавл қаласы «Дарын» лицей-мектебі.
— 100 метрге жүгіру (ұлдар):
1 орын – Петров Ромео, Петропавл қаласы №7 орта мектебі;
2 орын – Храбрых Илья, НИШ;
3 орын – Попов Илья , Петропавл қаласы №9 орта мектебі;
3 орын – Юркинсон Артур, Петропавл қаласы №21 орта мектебі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз санаттарында жарыс ұйымдастырушыларының грамоталары, медальдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Іріктеу турнирінің жеңімпаздары 2019 жылдың 14-27 қазан аралығында Ақмола облысының Щучье қаласында өтетін Бірінші жастар ойындарында Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайды.

Бөлісу

.