5 сәуір, Жексенбі

Қызылордада «Birinshi Jastar Oiyndary» финалына іріктеу кезеңі өтті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, Мектеп спорт федерациясы және Қызылорда облысы білім басқармасының Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 18-22 қыркүйек аралығында Қызылордада №278 ІТ мектеп лицей және №101 мектеп-лицей базаларында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша «Birinshi Jastar Oiyndary» финалына іріктеу кезеңі аяқталды.

Іріктеу кезенің бағдарламасы бойынша 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында волейбол, жеңіл атлетика, футзал, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Жарысқа барлығы Қызылорда облысы аудандары және Қызылорда қаласынан 67 мектеп командасы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлері жалпы командалық біріншілікте жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

Футзалдан (ұлдар):
1 орын – №264 мектеп-лицей, Қызылорда қаласы;
2 орын – №37 орта мектебі, Сырдария ауданы;
3 орын – №136 орта мектебі, Қызылорда қаласы;
3 орын – №53 орта мектебі, Жаңақорған ауданы.

Волейболдан (қыздар):
1 орын — №2 Мұрагер мектебі, Қызылорда қаласы;
2 орын — №12 ІТ мектеп-лицей, Қызылорда қаласы;
3 орын — №205 орта мектеп, Шиелі ауданы;
3 орын — №144 орта мектебі, Қызылорда қаласы.
Спорт түрлері бойынша жеке біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша (ұлдар):

14-15 жас:
1 орын – Жолдасов Азамат, №266 орта мектебі, Қазалы ауданы;
2 орын – Құлманов Р., №71 орта мектебі, Арал ауданы;
3 орын – Жетпсібаев Шынтас, №7 орта мектебі, Қызылорда қаласы;
3 орын – Жүнісәлі Жасұлан, №264 орта мектебі, Қызылорда қаласы.

16-17 жас:
1 орын –Асылбеков Иманжүсіп, №19 орта мектебі, Арал ауданы;
2 орын –Орынбасар Дінмұхамед, №143 орта мектебі, Қызылорда қаласы;
3 орын –Әскербек Нұрбахыт, №101 орта мектебі, Қызылорда қаласы;
3 орын –Илясов Алишер, №120 орта мектебі, Қызылорда қаласы.

Тоғызқұмалақ бойынша (ұлдар):
1 орын — Тұрлыбек Д., №92 орта мектебі, Қазалы ауданы;
2 орын — Әліпбай М., №136 орта мектебі, Қызылорда қаласы;
3 орын – Мадихан Д.; №264 мектеп лицей, Қызылорда қаласы
3 орын – Таңатаров М., №187 ІТ мектеп лицейі, Қызылорда қаласы.

Тоғызқұмалақ бойынша (қыздар):
1 орын – Асибек З., №136 мектеп-лицей, Қызылорда қаласы;
2 орын – Әбілтаева А., №92 орта мектебі, Қазалы ауданы;
3 орын – Смағұл Г., №264 мектеп лицей, Қызылорда қаласы;
3 орын – Елтай А., №2 Мұрагер мектебі.

Жеңіл атлетика бойынша:

— бір орыннан ұзындыққа секіру (ұлдар):
1 орын – Қани Аянәлі, №23 мектеп лицей, Қызылорда қаласы;
2 орын – Жакипов Кенесары, №7 мектеп –лицей, Қызылорда қаласы;
3 орын – Махмут Нұрдаулет, №195 мектеп-гимназия, Жаңақорған ауданы;
3 орын – Тұрлыханов Алишер, №198 орта мектебі, Қызылорда қаласы.

— 60 метрге жүгіру (қыздар):
1 орын — Самсонова Ксения, № 198 орта мектебі, Қызылорда қаласы;
2 орын -Жанаева Алина, №127 орта мектебі, Шиелі ауданы;
3 орын –Ибраева Д., №264 мектеп-лицей, Қызылорда қаласы;
3 орын – Әбуәлі Диляра, №95 Жаңақорған ауданы.

— 100 метрге жүгіру (ұлдар):
1 орын — Ступновский Роман, №198 орта мектебі, Қызылорда қаласы;
2 орын — Серікұлы Асылбек, №249 мектеп-лицей, Қазалы ауданы;
3 орын –Еркін Нұрдос, №127 орта мектебі, Шиелі ауданы;
3 орын – Қасым Нұрғиса, №195 мектеп-гимназия, Жаңақорған ауданы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз санаттарында жарыс ұйымдастырушыларының грамоталарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Іріктеу турнирінің жеңімпаздары 2019 жылдың 14-27 қазан аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында өтетін Бірінші жастар ойындарында Қызылорда облысының намысын қорғайды.

Бөлісу

.