7 тамыз, Жұма

Qazsport арнасы «Партизан» — «Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Qazsport арнасы бүгін Еуропа лигасы аясында өтетін «Партизан» мен «Астана» арасындағы ойынды тікелей эфирде көрсетеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін УЕФА Еуропа лигасы турнирінің топтық кезеңіндегі соңғы матчтар өтеді.  Желтоқсанның 12-нен 13-не қараған түні Белградта жергілікті «Партизан» мен қазақстандық «Астана» кездеседі. L тобында 1/8 финал жолдамасын Алкмардың АЗ-ы мен «Манчестер Юнайтед» командалары әлдеқашан иемденіп қойған. Ал Сербиядағы ойын ештеңе шешпейді, тек топтағы соңғы орында қалып қоймау үшін болмаса! Дәл қазір «Партизан» командасы 5 ұпаймен 3-орында тұрса, астаналықтар 3 ұпаймен 4-орынға жайғасқан.

Матчтың тікелей трансляциясын Нұр-Сұлтан уақытымен 01.55-те Qazsport арнасынан тікелей тамашалауға болады. 

Бөлісу

.