Квебек қаласының бокс бойынша комиссиясы қазақстандық Садриддин Ахмедовтен (11-0, 10 КО) жеңілген аргентиналық Хосе Вильялобос (12-6-2, 7 КО) белгісіз бір мерзімге шаршы алаңға оралуға тыйым салды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Садриддин Ахмедов аталмыш жекпе-жектен соң 28 желтоқсанға дейін демалыс берілсе, Хосе Вильялобостың шаршы алаңға қай уақыттан бастап орала алатыны белгісіз. Квебек комиссиясы спортшының нокауттан кейінгі жағдайына қарап, оны белгісіз бір мерзімге спорттан шеттетті.
8 желтоқсан күні өткен жекпе-жекте Садриддин Ахмедовқарсыласы Хосе Антонио Вильяболосты жетінші раундта нокаутпен жеңді.