3 маусым, Сәрсенбі

Қазақ боксшысы кәсіпқойдағы екі жекпе-жегінде тең түсті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Кәсіпқой боксқа жақында ғана ауысқан Нұржан Мақашбаев (0-0-1) Ресей жерінде жекпе-жек өткізді, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы.

22 жастағы боксшы 10 желтоқсан күні Ресейдің Кемеров қаласында өтетін кеште шаршы алаңға шықты. Нұржан Мақашбаев жергілікті боксшы Михаил Лесниковпен (4-4, 1 КО) алты раунд бойы жұдырықтасып, тең тарқасты.

Айта кетейік, бұл Нұржан Мақашбаев кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі. Биылғы жылдың наурыз айында  Барнауылда өткен бокс кешінде ол ресейлік Дмитрий Кулаковпен (1-0-1, 1 КО) тең түсті.

Бөлісу

.