2 сәуір, Бейсенбі

Қысқы универсиаданың жүлдегерлері марапатталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ресейдің Красноярск қаласында өткен ХХІХ Дүниежүзілік қысқы универсиаданың жұптық мәнерлеп сырғанаудан қола жүлде иегерлері Байтқанов Әбіш пен Жансая Әбдіханованы ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» бас директоры С.Ш.Мұстафаев марапаттады, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігінің шешімімен 3-орын иегерлерінің қанынан допинг анықталып, қола жүлде біздің жерлестерімізге берілуде.

Байтқанов Әбіш — Қазақ спорт және туризм академиясының «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2019 жылғы түлегі. ҚР Спорт шебері, 2012-2013жж. мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы.

Жансая Әбдіханова — Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар мамандығының 4-курс студенті. 2013 ж. Мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионы, ҚР спорт шебері, 2016-2017 жж. ҚР чемпионатының қола жүлдегері.

Бөлісу

.