3 маусым, Сәрсенбі

Бақтияр Эюбов АҚШ-та жаттығып жатыр

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов келесі жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Отандасымыз Нью-Йорк қаласында Кит Хьюиттің қол астында жаттығып жатыр. Ол танымал боксшылар Крис Колберт (13-0, 5 КО) және Решат Матимен  (5-0, 3 КО) спарринг өткізді.  Әзірге жекпе-жегінің қашан өтетіні белгісіз. 

Бақтияр Эюбов кәсіпқой рингте 16 жекпе-жек өткізіп, оның 14-нде жеңіске жетсе, біреуінде қарсыласына есе жіберген. Енді бір кездесуінде боксшылар тең тарқасқан.

Бөлісу

.