5 сәуір, Жексенбі

Қазақстандық каратэшілер әлем чемпионатында үш алтын алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Нұр-Сұлтан қаласында KWU киокушинкайдан ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Байрақты бәсекеде әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар 15 салмақ (ерлер – 9, әйелдер – 6) дәрежесінде сынға түсті. Әйелдер арасында 50 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшымыз Людмила Устюгова алтыннан алқа тағынса, 70 килода Әлемгүл Сабырхан қарсылас шақ келтірмеді.

Ал ерлер арасында қоржынымызға жалғыз алтын медальді 85 килода Владимир Артюшин салды. 70 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Бейсембаев пен 60 килоға дейінгі салмақта Екатерина Гурова күміс медальді жеңіп алды.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында әлем чемпионатының 3 алтын және 2 күміс жүлдесі түсті. Байрақты бәсекеге әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысқанын айта кету керек.

Бөлісу

.