ХХІХ дүниежүзілік қысқы универсиаданың жұптық мәнерлеп сырғанаудан қола жүлде иегерлерін Қазақстан ұлттық студенттік спорт одағының президенті Қ.Қ. Закирьянов пен ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» бас директоры С.Ш.Мұстафаев марапаттады.
Байтқанов Әбіш — Қазақ спорт және туризм академиясының «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2019 жылғы түлегі. ҚР Спорт шебері, 2012-2013жж. мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы.
Жансая Әбдіханова — Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар мамандығының 4-курс студенті. 2013 ж. Мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионы, ҚР спорт шебері, 2016-2017 жж. ҚР чемпионатының қола жүлдегері.
Айта кетейік, Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігінің шешімімен 3-орын иегерлерінің қанынан допинг нықталып, қола жүлде біздің жерлестерімізге берілуде.