25 қаңтар, Сенбі

Садриддин Ахмедов қарсыласын нокаутпен жеңді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) Канададағы  жекпе-жегінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов кезекті жекпе-жегінде аргентиналық Хосе Антонио Вильяболоспен қолғап түйістіріп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов Канада елінде өткен бокс кешінде IBO International чемпиондық белбеуіне таласқан мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3, 11 КО) жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберген. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған еді. Бұл Ахмедовтың шаршы алаңдағы тоғызыншы жеңісі болды.

Бөлісу

.