25 қаңтар, Сенбі

Могулшыларымыз жаңа жарыс маусымын бастайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ертең Финляндиядағы Рука тау шаңғысы курортында могулдан әлем кубогының бірінші кезеңі өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл сында еліміз атынан Юлия Галышеваны, Дмитрий Рейхердті және Павел Колмаков өнер көрсеткелі отыр. Руканы қазақстандық спортшылар үшін сәттілікке толы жарыс жолы деуге толық негіз бар. Бұнда өткен жылы 2019 жылғы әлем чемпионы Юлия Галышева екінші орын алды. Ал Дмитрий Рейхерд 2017 жылы күміс алса, сол кезде Павел Колмаков үшінші болған еді.

Алайда жаңа маусымның алғашқы кезеңінің, тіпті тұстастай маусымның басты фавориті канадалық Микаэль Кингсбери мен франциялық Перрин Лаффон екенін естен шығармаған жөн.

Айта кетейік, екінші жыл қатарынан әлем кубогы кезеңдерінің бірі Алматыда өтеді (келесі көктемде).

Бөлісу

.