Әлемдік рейтингте ең үздік 5 спортшының қатарына кірген Қанат «Қазақ» Ислам Умра қажылығына аттанды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
WBO International белбеуінің иегері Қанат «Қазақ» Ислам (26-0, 21 КО) Ұмра қажылығын өтеуге Меккеге аттанды. Бұл туралы спортшы өзінің инстаграммдағы ресми парақшасында жария етті. Қанат өз сөзінде: «Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Жаным қазақтарым, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Елдің қамын жейтін ерлер көп болсын. Екібеткейлі албастылардан елімізді сақтасын. Жасасын қазақтың жігіттері», – деді Қанат.
Айта кетейік, Қанат Ислам 26 қазан күні Алматы қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.