7 тамыз, Жұма

Қазақстан құрамасы Әлем кубогының соңғы матчында Сенегалдан жеңілді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Гандболдан Қазақстан құрамасы әлем кубогының топтық кезеңінде Сенегалдан жеңілді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Кумамото қаласында өтіп жатқан әлем кубогының топтық кезеңіндегі ойындарын аяқтады. Топтық кезеңнің соңғы матчында қазақстандық гандболшылар Сенегал құрамасымен кездесті. Нәтижесінде қара құрлықтан келген қарсыластар құрама 30:20 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, бес матчта бес жеңіліске ұшыраған Қазақстан құрамасы С тобында 6-орынға тұрақтады. Топтық кезеңдегі жалпы есеп айырмасы 92:164 болды.

Бөлісу

.