25 қаңтар, Сенбі

Әуесқойлар арасында УЕФА турнирінің жеребесі тартылды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Швейцарияның Ньон қаласында әуесқойлар арасында «УЕФА Аймақтар Кубогы 2020» турнирінің жеребесі тартылды, , — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жарыстың алдын ала іріктеу кезеңіне Қазақстан чемпионы қатысады. Қазақстан чемпионы 2020 жылдың көктемінде анықталады. «УЕФА Аймақтар Кубогы 2020» турнирінің жолдамасы үшін биылғы маусымның чемпионы «БН Қаскелең» мен өткен жылдың жеңімпазы «Гефест» таласады.

«УЕФА Аймақтар Кубогы 2020» турнирінің алдын ала іріктеу кезеңі «А» және «В» топтарына бөлінген. Біздің команда «В» тобында Мальта, Беларусь және Македония чемпиондарымен ойнайды.

Топтық кезеңнен әрі қарай аралық кезеңге екі команда жолдама алады. Біздің топтың ойындары 2020 жылдың 24 мен 30 мамыры аралығында өтеді.

Бөлісу

.