27 қыркүйек, Жексенбі

Нұр-Сұлтанда конькимен жүгіруден әлем Кубогы кезеңі өтеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

6 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы «Алау» Мұз сарайында конькимен жүгіруден Әлем Кубогы кезеңі басталады, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы. 

Байрақты бәсекеге әлемнің 26 мемлекетінен 200-ден астам спортшы келеді. Олардың қатарында үш дүркін Олимпиада чемпионы Мартина Сабликова (Чехия), Олимпиада ойындарының жүлдегері Ольга Фаткулина (Ресей), Олимпиада чемпионы және жүлдегері Йоррит Бергсма (Голландия) және басқа да жұлдыздар келеді деп күтілуде.

Қазақстанды аталған жарыста жаңа жаттықтырушы – Дмитрий Бабенко бастаған жаңартылған құрамтаныстырады. Олардың қатарында 2013 жылғы Әлем чемпионы Денис Кузин, жасөспірімдер арасында жеңімпаздар Екатерина Айдова және Роман Креч, сонымен қатар, болашағынан үлкен үміт күттіретін – Станислав Палкин, Дмитрий Морозов, Артем Крикуновтар бар. Ұлттық құрама аталған кезеңге әрбір қашықтық бойынша бес спортшы қоя алады. Бұл жаттықтырушы құрамына ұлттық құрамадағы спортшыларды процесске қосуға мүмкіндік береді.

Жарыс 6-8 желтоқсан аралығында «Алау» мұз сарайында өтеді.

ФОТО: ҰОК

Бөлісу

.