7 тамыз, Жұма

Сұлтан Зәуірбек Лондонда жаттығып жатыр

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (8-0, 6 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жастар арасында Азия чемпионы және әлемнің вице-чемпионы Лондон қаласында жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. MTK Global компаниясы Сұлтан Зәуірбектің жаттығуынан видеоны Twitter желісінде жариялады.


Естеріңізге сала кетейік, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой мансабында тоғыз жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегін 6 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде өткізді. Сұлтан Зәуірбек қарсыласы грузиялық боксшы Георгий Гачечиладзені (11-35-1, 5 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Бөлісу

.