31 қазан, Сенбі

«Астана» Еуропа командаларымен бір турнирге қатысады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ақпан айының басында Португалия елінде «Атлантик Кап» халықаралық жолдастық турнирі өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Аталмыш турнирде «Астана» футбол клубының негізгі құрамы бақ сынайтын болады. Турнирге Қазақстанның алты дүркін чемпиондарынан басқа Данияның 13 дүркін чемпионы «Копенгаген» командасы, даниялық «Орхус», «Брондбю» және швециялық «Норчеппинг» мен «Хаккен» клубтары қатысады.

Айта кетейік, биылғы маусымның қорытындысы бойынша «Астана» командасы Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.

Бөлісу

.