8 шілде, Сәрсенбі

Головкин мен Роналду бірлескен жоба жасайды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және футбол жұлдызы Криштиану Роналду бірлескен жобаға қатысып жатыр, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Спортшылар Туринде DAZN үшін жаңа жоба үстінде жұмыс жасап жатқандарын өздерінің инстаграмм парақшаларында хабарлаған.

Туринде досым Криштиану Роналдумен бірге керемет күн. Біз DAZN-мен бірге жаңа жоба дайындап жатырмыз”, — деп жазды Головкин.

Португалиялық футболшы GGG-ге “Ювентус” футболкасын сыйға тартқан, ал Головкин бокс қолғабын сыйлаған.

“Мен досыммен DAZN-ге арналған қызықты жаңа жоба үстінде жұмыс істеп жатырмын. GGG, сені көргеніме қуаныштымын”, — деп жазды Роналду инстаграмм парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Working on an exciting new project for @daznglobal with a special friend. Great to see you @gggboxing !👊🏽

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Бұған дейін Головкин Роналдуды өзінің сүйікті футболшысы екенін айтқан.

Еске салайық, қазан айында Головкин украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуге ие болған еді.

Бөлісу

.