9 желтоқсан, Дүйсенбі

Қазақстандық спортшы кикбоксингтен Әлем чемпионы атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жандос Назарбеков Түркияның Анапа қаласында кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық спортшы Жандос Назарбеков кикбоксингтен Әлем чемпионы атанып, екінші рет байрақты бәсекеде топ жарды. Бүкіләлемдік кибоксинг қауымдастығы екі жылда бір рет ұйымдастыратын әлем біріншілігіне Жандос Назарбеков 60 келі салмақта қарсылас шыдатпады. Ол 2017 жылы Будапештте өткен әлем чемпионатының да жеңімпазы.

Жандос іріктеу кезеңдерінде Марокко, Норвегия және Қырғызстан елдерінің өкілдерін ұтса, ақтық сында украиндық қарсыласынан басым түсті.

Бөлісу

.