9 желтоқсан, Дүйсенбі

Қазақ спортшысы өзбекстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық спортшы Сәбит Жүсіпов Ресейде өткен халықаралық турнирде өзбекстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Сәбит Жүсіпов Ресей астанасы Мәскеу қаласында өткен WTKF турнирінде өзбекстандық спортшы Фарух Салимовпен жұдырықтасып, жеңіске жетті.  Arlan MMA Pro Team командасының өкілі 66 келі салмақта сынға түсіп, өзбекстандық қарсыласын үшінші раундта  тіземен теуіп, ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша отандасымыз шаршы алаңдағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Сәбит Жүсіпов Италияның Рим қаласында панкратионнан өткен әлем чемпионатының финалында дағыстандық қарсыласын жеңіп, топ жарған болатын.

Бөлісу

.