15 Желтоқсан, Жексенбі

Қазақстандықтар пара биден әлем чемпионатында 4 қола жеңіп алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық спортшылар пара биден әлем чемпионатында төрт медаль иемденді, – деп xабарлайды Qsport.kz порталы. 

Жұптық сайыста Ардақ Оторбаев пен Айдана Бегленова, Ермеқ Қалымбетов пен Кульшум Аталықова және Ардақ Оторбаев пен Қарлығаш Сасембаева жүлделі үшінші орынға қол жеткізді, тағы бір қоланы Ардақ Оторбаев жеке сында қоржынға салды.

Пара биден әлем чемпионаты Германиядағы Бонн қаласында 29-шы қарашадан 1-і желтоқсанға дейін аралығында өтті. Оған 26 мемлекеттен 225 спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 19 биші бақ сынаған.

2017 жылы Қарлығаш Сарсембаева пара биден әлем чемпионатында (Бельгия) 1 орын алып, Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпион атанған болатын. 2018 жылы Ардақ Оторбаев пен Айдана Бегленова пара биден әлем кубогында (Словакия) 1 орын алды.

Бөлісу

.